Азия ойындары: Қазақстан құрамасы Таиландты сенімді жеңді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындары жалғасуда. Бүгін волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы 9-орын үшін кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұлттық құраманың қарсыласы Тайланд болды. Кездесу 25:19, 25:21, 25:22 есебімен қазақстандық волейболшылардың пайдасына аяқталды.
Осылайша Қазақстан құрамасы турнирде тоғызыншы орыннан көрінді.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы Азия ойындары 8 қазанға дейін жалғасады.