русский язык
ММА

Қазақстандық файтер UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты

Қазақстандық файтер UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты

UFC-дегі алғашқы қазақстандық Мария Агапова (10-4) Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында октагонға қашан оралатынын айтты.

«Қараша не желтоқсанда жекпе-жек өткіземін деп үміттенемін», – деді спортшы біздің басылымға.

Еске салайық, Агапова 7 қазанда Лас-Вегаста америкалық Монтана де ла Росамен (12-8-1) кездесуі керек еді. Алайда виза проблемасына байланысты жекпе-жек өтпей қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;