русский язык
Басқа

Қазақстандық мергендер Ханчжоудағы Азия ойындарында сәтсіз өнер көрсетті

Қазақстандық мергендер Ханчжоудағы Азия ойындарында сәтсіз өнер көрсетті

Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін ерлер арасында «жылдам ататын тапанша, 25 м» дисциплинасы бойынша командалық жарыстың финалы өтті. Алтын медальді Қытай құрамасы иеленді. Қазақстандықтар (Никита Черюкин, Артемий Кабанов және Руслан Юнусметов) соңғы орын алды.

Айта кетейік, қазақстандық Ислам Сәтбаев пневматикалық мылтықпен 10 метрден атудан алтыншы орынға ие болды. Жеңіске Қытай спортшысы Шенг Лихао жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;