OCTAGON лигасының кезекті турнирі хабарланды. Онда екі чемпиондық жекпе-жек өтеді
![OCTAGON лигасының кезекті турнирі хабарланды. Онда екі чемпиондық жекпе-жек өтеді](https://prosports.kz/upload/news/content//202309/472_51b9b03b2b8ad2f9a9c8afaec9d24393.jpg?v=28699111)
Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасы келесі ивенті – OCTAGON 51 турнирін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнир 21 қазанда Алматыда өтеді, онда екі чемпиондық жекпе-жек болады.
Жартылай жеңіл салмақта өзбек файтері Мухаммаджон Курбанов (10-4) титулын алғаш рет қорғайды, оның қарсыласы чемпиондық белбеуге мүіткер тәжікстандық Фарход Давлятов (7-2) болады.
Ал ММА-ден тұңғыш Орта Азия чемпионы қазақстандық Анастасия Дюжикова (8-2) аса жеңіл салмақтағы титулын ресейлік Александра Савичеваға (4-1) қарсы қорғайды.
Еске салайық, 23 қыркүйекте OCTAGON 50 турнирі өткен, басты кездесуде қазақстандық ММА ардагері Георгий Кичигин (29-10) жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекте ресейлік Ричард Тотровты (12-7) жеңген болатын.