русский язык
Дзюдо

Қазақстандық дзюдошылар 2022 жылғы Азия ойындарында қола жүлдені сарапқа салады

Қазақстандық дзюдошылар 2022 жылғы Азия ойындарында қола жүлдені сарапқа салады

Дзюдодан Қазақстан құрамасының екі өкілі 2022 жылғы Азия ойындарында қола жүлдеге таласады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Данияр Шамшаев 73 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға таласуға мүмкіндік алды. Оның қарсыласы моңғолиялық спортшы болады.

Қазақстандық Эсмигуль Куюлованың (63 келіге дейін) қарсыласы кейінірек анықталады.

Еске салайық, Азия ойындары-2022 23 қыркүйек пен 8 қазан арасында Ханчжоуда өтіп жатыр. Тоғыз спортта Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;