русский язык
Басқа

Семсерлесуден қазақстандық спортшылар Ханчжоудағы Азия ойындарында сәтсіз өнер көрсетті

Семсерлесуден қазақстандық спортшылар Ханчжоудағы Азия ойындарында сәтсіз өнер көрсетті

Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Семсерлесуден жекелей сайыста қазақстандық Артём Саркисян мен Назарбай Саттархан жақсы өнер көрсете алмады. Екі спортшы да плэй-офф кезеңіне жолдама алған. Дегенмен, Саттархан 1/8-де оңтүстіккореялық спортшыдан жеңіліп қалды – 6:15, ал Саркисян ширек финалда кувейттікке жол берді – 10:15.

Еске салайық, Азия ойындары-2022 23 қыркүйек пен 8 қазан арасында Ханчжоуда өтіп жатыр. Тоғыз спортта Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;