русский язык
Басқа

Қазақстандық спортшы Азиадада жүзуден финалға шықты

Қазақстандық спортшы Азиадада жүзуден финалға шықты

Ханчжоудағы Азия ойындарында әйелдер арасында 50 метрге жүзуден жарыстың жартылай финалында қазақстандық Ксения Игнатова үшінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша, ол финалға шықты.

Диана Тасжанова еркін стильде 200 метрге жүзуден финалға шыға алмады - ол алғашқы кезеңде 2:03.24 уақытын көрсетіп, үшінші болып келді.

Ксения Игнатова кешенді стильде 200 метрге жүзуден алғашқы жартылай финалда 4-орын алды (2:19.13), бұл жарыста ол финалға шықпады.

Брасс әдісімен 100 метрге жүзуге қатысқан Арсен Қожахметов те финалға жолдама ала алмады.

Еске салайық, Азия ойындары-2022 23 қыркүйек пен 8 қазан арасында Ханчжоуда өтіп жатыр. Тоғыз спортта Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;