русский язык
Дзюдо

Әбиба Әбужақынова: Осы қарсыласқа тап болатынымды сездім, білдім...

Әбиба Әбужақынова: Осы қарсыласқа тап болатынымды сездім, білдім...

ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасына алғашқы күміс медаль әперген дзюдошы қызымыз Әбиба Әбужақынова жеңісіне қатысты өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Негізі бұл қарсыласыммен Әлем чемпионатының ширек финалында кездескен болатынмын. Бұл жолы да осы қарсыласыма тап болатынымды сездім, білдім. Себебі барлық қарсыласыма дайын келгенмін. Алған жарақаттарымнан кейінгі бұл - менің бірінші жеңісім. Бұған қуаныштымын. Ары қарай жұмыс жасап, алтын медаль алуға әрекет жасайтын болатынмын.

Париждегі Олимпиада ойындарында бүгін кеткен есемді қайтарамын деп ойламын. Маған қолдау білдіріп, менімен бірге қуанып жатқан барша Қазақстан халқына алғысымды білдіремін", - дейді өз сұқбатында Әбиба.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;