русский язык
Басқа

Қазақстандық бессайысшы Азия ойындарында сәтті өнер көрсетті

Қазақстандық бессайысшы Азия ойындарында сәтті өнер көрсетті

Ханчжоудағы 2023 жылғы Азия ойындарында заманауи бессайыс бойынша әйелдер арасындағы финалдық кездесулер өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан атынан төрт спортшы қатысты. Үздік нәтижеге бесінші орын алған Елена Потапенко (1340 ұпай) қол жеткізді.

Осылайша ол Олимпиада лицензиясының иегері атанды.

Қытайлық Мингю Чжан жеңіске жетті.

Командалық турнирде қазақстандық әйелдер төртінші (3508) орын алды. Еліміздің атынан Кристина Рябова, Елена Потапенко және Людмила Яковлева қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;