Өзбек файтері OCTAGON 50 турнирінде бразилиялық қарсыласынан басым түсті
![Өзбек файтері OCTAGON 50 турнирінде бразилиялық қарсыласынан басым түсті](https://prosports.kz/upload/news/content//202309/201131_f1ef23fbb65a71fec757f2bebcf8aa7.jpg?v=28697370)
Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасының OCTAGON 50 турнирі аясында кезекті жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бразилиялық Педро Элиас (6-4) пен өзбекстандық Ахлиддин Мирзадавлатов (10-2-1) кездесті. Айқас бірінші раундта аяқталды. Өзбек файтері техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық ММА ардагері Георгий «Рыцарь» Кичигин (28-10) ресейлік Ричард Тотровқа (12-6) қарсы кездесуде жартылай орта салмақтағы бос чемпиондық титулды сарапқа салады.
Турнирде сондай-ақ ұйымның жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Дамир «Қазақ Сехудосы» Төленов (10-0), танымал теле және кино актері Еркебұлан Тоқтар (5-3), сондай-ақ жеңіліп көрмеген Магомед Магомедов (12-0) өнер көрсетеді. Тәжікстандық Камариддин «Камил каратэ» Хасанов (2-1) басты қарсыласы, қырғызстандық поп-ММА жұлдызы Эльчибек «17 кг» Абдубалиевпен (0-1) кездеседі.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі