русский язык
Бокс

Әбілхан Аманқұл жеңіліп көрмеген Америкалық боксшымен кездеседі

Әбілхан Аманқұл жеңіліп көрмеген Америкалық боксшымен кездеседі
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшысы Әбілхан Аманқұлдың (4-0, 4 КО) келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Suleimen Promotions промоутерлік компаниясының мәліметінше, Аманқұл 30 қыркүйекте Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Джошон Джеймспен (7-0-1, 4 КО) кездеседі. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.

Кештің басты жекпе-жегі супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен бірінші орта салмақтағы барлық титулдардың иегері Джермелл Чарло арасында өтеді.

Кеш аясында тағы бір қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет нигериялық Абимбола Осундаиромен (5-0, 3 КО) жұдырықтасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;