ММА

UFC президенті Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегін ресми жариялады

UFC президенті Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегін ресми жариялады
news-banner7
mobile-news-top

UFC президенті Дана Уайт қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) келесі жекпе-жегінде америкалық Стивен Томпсонмен (17-6-1) кездесетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Спорт Шредингера» Telegram-арнасына сілтеме жасап.

«16 желтоқсанда UFC 296 турнирі Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өтеді. Басты жекпе-жекте жартылай орта салмақтағы чемпион Леон Эдвардс Колби Ковингтонмен кездеседі. Жартылай орта салмақтағы рейтингте Шавкат қазір алтыншы, Томпсон жетінші орында.

«Вандербой Кевин Холландты техникалық нокаутпен жеңді, ал Рахмонов 17-0 және 100% нокаут. Бұл биылғы ең үздік турнирлердің бірі болмақ! Жекпе-жек кешінде кездескенше!»

Сондай-ақ UFC 296 кардында Рахмонов - Томпсон жекпе-жегімен қатар Тони Фергюсон - Пэдди Пимблетт жекпе-жегі өтеді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Рахмонов 2023 жылы жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеген болатын. Ол кәсіпқой мансабында ММА-да 17 жеңіске жетті, оның бесеуі UFC аясында болды. Биыл наурызда ол Джефф Нилді жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер