Путинцева Қытайдағы турнирдің финалына шыға алмады
![Путинцева Қытайдағы турнирдің финалына шыға алмады](https://prosports.kz/upload/news/content//202309/472_9c3dae9498e13f2a216d51b938e930d0.jpg?v=28668049)
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан WTA-250 санатындағы турнирдің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/2 финалда қазақстандық спортшы польшалық теннисші Магда Линеттпен кездесті. Матчта Путинцева 2-6, 3-6 есебімен жеңіліп қалды.
Матч 1 сағат 16 минутқа созылды.
Естеріңізге сала кетейік, турнирдің 1/4 финалында Юлия Германия өкілі Татьяна Марияны жеңген болатын.
Фото: ktf.kz