русский язык
Басқа

Елсияр Қанағатов Азия ойындарына қатысты пікір білдірді

Ұлттық олимпиадалық комитеті спорт департаментінің директоры Елсияр Қанағатов Азия ойындары қатысты пікір білдіріп, ұйымдастырушылардың жұмысына өз бағасын берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Елсияр Қанағатовтың айтуынша, Ханчжоуда спортшылар үшін барлық жағдай жасалған. Жаттығу жасайтын жерлермен қатар, демалыс орындары да қарастырылған.

"Қаншама Азия ойындары өтті. Қысқысы да, жазғысы да болды. Ұйымдастыру жағынан барлық жағдай жасалған. Спортшыларға арналған қалашық та, спортщылар жататын жері де жақсы. Демалыс қа да, спорттық жаттығулар жасайтын жерлер де ойластырылған. Қазір біздің спорттық делегациямызда айтарлықтай проблема жоқ. Спортшыларымыз график бойынша келіп жатыр.

Қазіргі уақытта екі жүзден астам спортшымыз келіп, қалашықта орналасты. Ертең, бүрсікүні тағы да спортшыларымыз келетін болады. Бүгін қазақ елінің туын қалашықта көтердік. Спортшыларға тек қана сәттілік тілейміз", - деді Елсияр Қанағатов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;