русский язык
Басқа

«Қытайға күшіміз жетпеді». Азиадада 21 қыркүйектегі жарыстардың нәтижесі

«Қытайға күшіміз жетпеді». Азиадада 21 қыркүйектегі жарыстардың нәтижесі

Ханчжоудағы Азия ойындарының минус екінші жарыс күнінде Қазақстан тек үш спорт түрінен өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық академиялық ескек есушілер Светлана Германович пен Мария Чернец екінші мүмкіндігінен жұптық жарыс финалына шықты. Ал Анастас Шашков пен Александр Афанасьев жеңіл салмақтағы жұптық сайыста жұбаныш финалына қатысады.

Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдан жеңіліп, енді 11-12 орындар үшін Жапониямен кездесу өткізеді.

Жағажай волейболшылары Сергей Богату - Дмитрий Яковлев топтық кезеңде жеңіліссіз келе жатыр.

21 қыркүйектегі нәтижелер

Академиялық ескек есу

Жеңіл салмақтағы жұптық сайыс – іріктеу
Анастас Шашков, Александр Афанасьев - 4-орын (7:03.32). В финалына шықты

Жұптық. Әйелдер – іріктеу
Светлана Германович, Мария Чернец – 2-орын (7:38.77). А финалына шықты

Volleyball Волейбол. Ерлер
Қазақстан – Қытай -
20:25, 23:25, 20:25

Beach Volleyball Жағажай волейболы

Раченко/Уколова - Хасегава/Сакагучи (Жапония) – 9:21, 11:21
Алдаш/Гурин – Касия/Аларкан (Палестина) – 21:15, 21:16
Богату/Яковлев - Ким/Бае (Оңтүстік Корея) – 21:16, 21:8
Қабылбекова/Иванченко – Ксю/Кси (Қытай) – 10:21, 5:21

Фото:volley.ir

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;