русский язык
Басқа

Азия ойындары: 21 қыркүйекке арналған жарыс кестесі

Азия ойындары: 21 қыркүйекке арналған жарыс кестесі

Ханчжоудағы Азия Ойындарының минус екінші күні қазақстандықтар классикалық және жағажай волейболы мен ескек есу жарысына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ескек есу шеберлері қосымша жарыстарда финалға жолдама алудың екінші мүмкіндігіне таласады.

Қазақстандық волейболшылар топтық кезеңдегі екінші кездесуін өткізеді. Біздің «жағажайшылар» топтық кезеңдегі күресін жалғастырады.

21 қыркүйек жарыс кестесі

Академиялық есу
7:30. Жұп – іріктеу
Анастас Шашков, Александр Афанасьев
7:40. Жұп. Әйелдер – іріктеу
Светлана Германович, Мария Чернец

Волейбол. Ерлер
17:00. Қазақстан – Қытай

Жағажай волейболы
9:00. Раченко/Уколова - Хасегава/Сакагучи (Жапония)
12:00. Алдаш/Гурин – Касия/Аларкан (Палестина)
13:00. Богату/Яковлев - Ким/Бае (Оңтүстік Корея)
14:00. Кабулбекова/Иванченко – Ксю/Кси (Қытай)

Қайдан көруге болады:
Qazsport - 7:00 (академиялық есу)
qazsporttv.kz - 7:00 (жағажай волейболы)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;