русский язык
ММА

Сора Рахмонованың UFC келісімшарты үшін жекпе-жегі неге өтпей қалғаны белгілі болды

Сора Рахмонованың UFC келісімшарты үшін жекпе-жегі неге өтпей қалғаны белгілі болды

Қазақстандық файтер Сора Рахмонованың UFC келісімшарты үшін жекпе-жегі неге өтпей қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

ALYPSOQ телеграм-арнасының мәліметінше, оған иық жарақаты себеп болған.

«Сара Рахмонова иығынан жарақат алып, турнирге қатыса алмайды. Өздеріңіз білетіндей, Сара Америкаға жекпе-жегіне дайындалу үшін кеткен болатын. Сол жақта жаттығып, барын салған еді. Бірақ, өкінішке орай бәрі біз ойлағандай болмады.

Бірақ осы уақыт ішінде ол өзін, жұмысын, жаттығу спаррингтерін менеджерлер мен лига басшылығына көрсетіп үлгерді. Сара әлі де UFC турнирлерінде өзін көрсету мүмкіндігіне ие болады деп үміттенеміз. Мен DAR Pro Team командасының жетекшісі ретінде бұл үшін бәрін жасаймын», - деді DAR Pro Team клубының директоры Бауыржан Уталиев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;