UFC қазақстандық Мария Агапованың келесі жекпе-жегін ресми түрде жариялады
![UFC қазақстандық Мария Агапованың келесі жекпе-жегін ресми түрде жариялады](https://prosports.kz/upload/news/content//202309/203991_478301f42813339151745ece5ca99409.jpg?v=28697125)
Қазақстанның UFC-дегі тұңғыш өкілі Мария Агапова 7 қазан күні UFC Vegas 80 турнирінде Монтана Де Ла Розаға қарсы октогонға шығады, ол Стефани Эггерді алмастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Айта кетейік, Маша 2022 жылдың қыркүйегінен бері жекпе-жек өткізбеген.
Еске салайық, Агапова UFC мансабында бес жекпе-жек өткізіп, оның екеуі жеңіспен, үшеуі жеңіліспен аяқталған.