русский язык
ММА

UFC-дің үздік файтері Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізуге қарсы емес

UFC-дің үздік файтері Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізуге қарсы емес

Бразилиялық UFC файтері Гилберт Бернс қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Мачадо Гарримен жекпе-жек өткізу туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Басқа таңдауым болмаса, Шавкатпен немесе Ианмен жекпе-жекке шығамын. Егер ол титул үшін немесе бірінші нөмірлі үміткер атағы үшін жекпе-жек болса. Висенте Луке – мен ешқандай жағдайда жекпе-жекке шықпайтын жалғыз жігіт.

Ал өзге жігіттермен... Камару Усманмен, Шавкатпен, Ианмен кездесу өткізуге қарсы емеспін. Ең бастысы, жекпе-жектің мәні болса болғаны. Егер салмақты себеп болса, бір командадағы жігіттермен кездесуге болады», - деді Бернс Middle Easy-ге берген сұхбатында.

Айта кетейік, Гилберт Бернс ММА-да 28 жекпе-жек өткізіп, 22 рет жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;