Баскетболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Қытайдан жеңілді
![Баскетболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Қытайдан жеңілді](https://prosports.kz/upload/news/content//202309/201736_06562e49d5ac783c83b38f8cb5463aa4.jpg?v=28668129)
17 қыркүйекте Катар астанасы Дохада баскетболдан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы топтық кезеңдегі үшінші ойында Қытайдан жеңілді. Кездесу 57:119 есебімен аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Самарқандта (Өзбекстан) өткен іріктеу турнирінде жеңіске жетіп, Азия чемпионатына жолдама алған болатын.
16 жасқа дейінгі Азия чемпионаты
Қытай - Қазақстан 57:119 (10:29, 21:29, 5:30, 21:31)