«Рыбакина мен Бублик жоқ». Азия ойындарына қатысатын теннистен Қазақстан құрамасының құрамы
![«Рыбакина мен Бублик жоқ». Азия ойындарына қатысатын теннистен Қазақстан құрамасының құрамы](https://prosports.kz/upload/news/content//202309/472_30ff88645147b712386840738630fa18.png?v=28667986)
Ханчжоуда өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарына қатысатын теннистен Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Ел намысын қорғайтын спортшылар:
Ерлер: Дмитрий Попко, Бейбіт Жукаев, Григорий Ломакин және Денис Евсеев.
Әйелдер: Жібек Құламбаева, Гозаль Айнитдинова, Аружан Сағындықова және Жанель Рустемова.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы сапында ел көшбасшылары Елена Рыбакина мен Александр Бублик жоқ.