«Барыс» хоккейшісі қарсыласын ұрғаны үшін жазаланды
![«Барыс» хоккейшісі қарсыласын ұрғаны үшін жазаланды](https://prosports.kz/upload/news/content//202309/201736_91a16eb43d4e08e71caa6eb4f1a319e8.jpg?v=28666247)
Қазақстандық «Барыстың» шабуылшысы Әлихан Әсетов Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) матчында төбелескені үшін жазаланды, деп хабарлайды Prosports.kz.
ВИДЕО. «Барыс» хоккейшісі ҚХЛ матчында қарсыласын ұтты
«ҚХЛ спорт және тәртіп комитеті «Барыс» - «Адмирал» кездесуінің эпизодын қарады.
Уақыт – 23:43
Ұсынылған материалдар негізінде «Барыстың» шабуылшысы Әлихан Әсетовке 3.4-тармақ бойынша тағайындалған жазаны өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды. ҚХЛ Тәртіптік ережесінің 28-бабына сәйкес (төбелесті қоздырушы) ақшалай айыппұл салынады», - деп жазады клубтың баспасөз қызметі.