русский язык
Бокс

Жәнібек Әлімханұлының командасы мәлімдеме жасады

Жәнібек Әлімханұлының командасы мәлімдеме жасады

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының командасы германиялық боксшы Винченцо Гуальтьериге қарсы жекпе-жекке дайындықтары қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сегіз раундтық спаррингке шықтық. Бұйыртса келесі апта 10 раундтыққа өтеміз. Дайындық өте жоғары деңгейде. Екі титул бөлек шабыт!», – деп жазды Team Janibek Инстаграм-парақшасы.

Еске сала кетейік, 13 мамырда Стоктонда (Калифорния, АҚШ) өткен жекпе-жегінде «Қазақ стилі» канадалық Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, чемпиондық белбеуін қорғап қалған болатын.

14 қазанда АҚШ-тың Техас штатындағы Розенберг қаласында WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы титулдар үшін Жәнібек Әлімханұлы мен Винченцо Гуальтиери арасындағы жекпе-жек өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;