Батыр Жүкембаев АҚШ-тағы жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады
![Батыр Жүкембаев АҚШ-тағы жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады](https://prosports.kz/upload/news/content//202309/201736_a026eedd613c782c88fecadb78de75c4.jpg?v=28702105)
Бірінші жартылай орта салмақта бақ сынайтын қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО) келесі жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
20 қыркүйекте Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) Жүкембаев аргентиналық Уго Альберто Рольданмен (22-1-1, 7 КО) жұдырықтасады.
«20 қыркүйек. Қазақ еліне жеңіс сыйлауды Алла маған нәсіп етсін!», — деп жазды боксшы Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Батыр бұған дейінгі жекпе-жегін былтыр 24 желтоқсанында Алматыда өткізді. Онда оңтүстік африкалық Ксолани Мкотхелиді (19-8, 12 КО) алтыншы раундта нокаутпен жеңген.