Бірінші лигаға жолдама алған 4 команда белгілі болды
![Бірінші лигаға жолдама алған 4 команда белгілі болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202309/201736_adb5c413b3ef793f532c8a4e59e8180a.jpg?v=28702107)
2023 жылғы Екінші лига маусымының қорытындысы бойынша Бірінші лигаға көтерілген төрт клубтың бәрі анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Солтүстік-Шығыс конференциясында жезқазғандық «Ұлытау» (45 ұпай) мен елордалық SD Family (41) жоғары лигаға өтті.
Ал Оңтүстік-батыс конференциясында қызылордалық «Қайсардың» жастар командасы (37) мен Түркістан облысының «Жетысайы» (36) Бірінші лигаға жолдама алды.