русский язык
Ауыр атлетика

Еламан Сейтқазы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Еламан Сейтқазы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) ауыр атлетикадан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстандық ауыр атлет Еламан Сейтқазы үздік бестікке енді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Зілтемірші ел намысын 81 келіге дейінгі салмақта қорғады. Қоссайыста ол 345 (154+191) келіні бағындырып, бесінші орын мүмкіндік берді.

Бірінші орынды Оскар Мартинес (Италия) алды – 356 келі. Екінші орын Эрвин Абдуллаға (Индонезия) бұйырды – 354 келі. Үздік үштікті 352 келімен Мухаммадқодир Тоштемиров (Өзбекстан) түйіндеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;