Сергей Малый Қазақстан құрамасы сапындағы 65-ойынын өткізді
![Сергей Малый Қазақстан құрамасы сапындағы 65-ойынын өткізді](https://prosports.kz/upload/news/content//202309/201736_9ece7f70918945459b32292e45481d58.jpg?v=28701995)
Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу турнирінің 6-турында Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Осы ойында «Ордабасы» қорғаушысы Сергей Малый Қазақстан құрамасы сапындағы 65-ойынын өткізді.
Сергей Малый Қазақстан құрамасы сапындағы дбютін 2014 жылы 5 наурызда Түркияда Литва құрамасына қарсы жолдастық кездесуде (1:1) өткізді.
1992-2023 жылдары Қазақстан құрамасында ең көп ойын өткізген футболшылар:
1. Самат Смақов – 76 матч;
2. Руслан Балтиев – 73;
3. Сергей Малый – 65;
4-6. Нұрбол Жұмасқалиев – 58;
4-6. Юрий Логвиненко – 58;
4-6. Исламбек Қуат – 58.