Магомед Адиев: Президент команданың физикалық дайындығын жақсартуды тапсырды

Магомед Адиев: Президент команданың физикалық дайындығын жақсартуды тапсырды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Ирландияға қарсы ойын туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.

– Мемлекет басшысы бүгін матчта болды, ойыннан кейін киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, бізді құттықтады. Бұл, әрине, біз үшін үлкен мәртебе. Сәттілік тілеп, аздап ұрысты. Ол: «Бапкер, біз команданың физикалық дайындығын жақсартуымыз керек», - деді. Мен оны дұрыстауға уәде бердім.

Тактикалық өзгерістер болды. Финляндияға қарсы Зайнутдинов жоғарырақ ойнады, бүгін біз шабуылдарды ұйымдастыру үшін оны төменге түсірдік. Сосын Қуат шыққан соң Бақтиер сәл жоғары көтерілді.

Команданың жағдайы мінсіз емес, бүгін бұған тағы да көз жеткіздік. Ойынның соңы сәл нашарлау шықты.

Финдермен үш ұпай алу керектігі бізге қысым болды. Ал бүгін біз одан бетер жігермен шықтық. Біз турнирлік жарысқа қайта оралғымыз келді, менің ойымша, бұл біздің қолымыздан келді. Енді қиын сапарға дайындаламыз.

Дания мен Финляндияға қарсы ойындарға дайындалу үшін біз Алматыға барып, табиғи көгалға бейімделеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер