русский язык

Қазақстан - Солтүстік Ирландия матчына қанша жанкүйер келгені белгілі болды

Қазақстан - Солтүстік Ирландия матчына қанша жанкүйер келгені белгілі болды

Қазақстан құрамасының ЕУРО-2024 іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Ирландияға қарсы өз алаңындағы ойынына 30 мыңға жуық көрермен келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана Арена» стадионында өткен Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамалары арасындағы ойынға 28 458 көрермен жиналды.

Қазақстан құрамасы алты ойында 12 ұпай жинап, H тобында екінші орынға көтерілді. Солтүстік Ирландия 3 ұпаймен топта 5-орында тұр.

Келесі ойында Қазақстан сырт алаңда Даниямен ойнайды. Ойын 14 қазанда өтеді. Сол күні Солтүстік Ирландия өз алаңында Сан-Мариноны қабылдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;