русский язык

Қазақстан құрамасы өз алаңында Солтүстік Ирландияны жеңді

Қазақстан құрамасы өз алаңында Солтүстік Ирландияны жеңді

Бүгін, 10 қыркүйекте Қазақстан құрамасы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде Солтүстік Ирландиямен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойынла Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші таймда Қазақстан құрамасы бір гол соғып, алға шықты. 27-минутта Абзал Бейсебековтен пас алған Максим Самородов есепті ашты. Екінші таймда қос команда тынбай шабуылдағанымен екінші гол соғылған жоқ.

Осылайша, Қазақстан құрамасы алты ойыннан кейін 12 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді.

Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде алғаш рет 10-нан көп ұпай жинап отыр. 12 ұпай біздің құрама үшін рекорд саналады.

Еуро-2024. Іріктеу турнирі. 6-тур. Н тобы

Қазақстан – Солтүстік Ирландия – 1:0 (1:0)

Гол: Самородов 27 (1:0)

Төреші: Шлагер (Германия)

10 қыркүйек. Астана. «Астана Арена».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;