Қазақстан - Солтүстік Ирландия: Бірінші таймнан соң алда келеміз
![Қазақстан - Солтүстік Ирландия: Бірінші таймнан соң алда келеміз](https://prosports.kz/upload/news/content//202309/201131_cd37ea5f488920d9342cc3a3707c1893.jpg?v=28702469)
Бүгін, 10 қыркүйекте Қазақстан құрамасы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчында Солтүстік Ирландия құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
27-ші минутта Абзал Бейсебековтен пас алған Максим Самородов есепті ашты. Бірінші тайманан соң Қазақстан 1:0 есебімен алда келеді.
Ойын Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Астанада өткен соңғы кездесуінде Финляндия құрамасынан 0:1 есебімен жеңілсе, Солтүстік Ирландия құрамасы сырт алаңда Словения құрамасынан (2:4) ұтылды.