русский язык

Euro 2024: Бүгін елордада Қазақстан және Солтүстік Ирландия кездесуі өтеді

Euro 2024: Бүгін елордада Қазақстан және Солтүстік Ирландия кездесуі өтеді

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы алтыншы ойынын Солтүстік Ирландияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан және Солтүстік Ирландия кездесуі 10 қыркүйекте елорда уақытымен 19:00-де «Астана-Арена» стадионында өткізіледі.

Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Кездесуде бас төреші Израиль елінен Рои Райншрайбер болады. Оған отандастары Давид Элиас Битон мен Саги Метзамбер көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де сол елдің өкілі Снир Леви.

Қазірге дейін бес ойыннан кейін тоғыз ұпай жинаған Қазақстан және турнир кестесінде төртінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;