UFC-де жыл сенсациясы! Шон Стриклендк орта салмақ үздігі атанды
![UFC-де жыл сенсациясы! Шон Стриклендк орта салмақ үздігі атанды](https://prosports.kz/upload/news/content//202309/203991_4bedb9df60624d4582d2bacb167427fa.jpg?v=28662219)
Қыркүйектің 9-нан 10-на қараған түні Сиднейде (Австралия) аралас жекпе-жектен UFC 293 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Басты жекпе-жекте ұйымның қазіргі орта салмақтағы чемпионы (84 келіге дейін) жаңа зеландиялық Исраэль Адесанья бесінші орындағы америкалық Шон Стриклендке қарсы шықты.
Жекпе-жек бес раундқа созылды және Стрикленд төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Еске салайық, сәуір айында UFC 287 турнирінде өткен өзінің соңғы жекпе-жегінде Адесанья реванш кездесуінде бразилиялық Алекс Перейраны нокаутқа түсіріп, чемпиондық атағын қайтарып алған болатын. Шілде айында ESPN 48-те UFC турнирінде Стрикленд неміс Абусупян Магомедовты екінші раундта ұтты.