русский язык

Қазақстан құрамасының футболшысы Еуро-2024 турниріне іріктеу тобының символдық командасына енді.

Қазақстан құрамасының футболшысы Еуро-2024 турниріне іріктеу тобының символдық командасына енді.

Санкт-Петербургтің «Зенит» клубында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Еуро-2024 іріктеу кезеңінің 5-ші турының символдық командасына енді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Әліп Н тобындағы 5-турдың символдық құрамасына енген жалғыз қазақстандық футболшы атанды. Айта кетейік, бұл ойында Қазақстан өз алаңында Финляндия құрамасынан 0:1 есебімен ұтылып қалды.

Ұлттық құрама сапына төрт фин ойыншысы кірді, олардың бірі Қазақстан құрамасының қақпасына жалғыз гол соққан жартылай қорғаушы Оливер Антман.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;