Қазақстан - Солтүстік Ирландия матчы ЭКСПО сахнасында тікелей көрсетіледі
![Қазақстан - Солтүстік Ирландия матчы ЭКСПО сахнасында тікелей көрсетіледі](https://prosports.kz/upload/news/content//202309/201131_d476a0f2cb8b156931b1d2dec26eb067.jpg?v=28702698)
ЭКСПО алаңында «Футбол жолы» спорт фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Спорт фестивалі 10 қыркүйекте сағат 14.00-ден 22.00-ге дейін өтеді.
Іс-шара аясында ЭКСПО алдындағы алаңның жазғы сахнасында Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамалары арасындағы Еуро-2024 іріктеу кезеңінің тікелей көрсетілімі өтеді.
Сондай-ақ, жиналғандардың алдында M'Dee өнер көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Солтүстік Ирландия матчы «Астана Арена» стадионында өтеді.