русский язык

Ұлттық құраманың бас бапкері Қазақстан азаматтығын ала ма

Ұлттық құраманың бас бапкері Қазақстан азаматтығын ала ма

Солтүстік Ирландияға қарсы матч алдындағы баспасөз мәслихатында ел құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Қазақстан азаматтығын алу ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтыққа келетін болсақ, бұл бағытта әңгімелер әлі жалғасуда. Біз сөйлесіп жатырмыз және федерация басшылығы менің азаматтық алғанымды қалайды, оны алуыма бастама жасағысы келеді. Бірақ біз бұл мәселені кейінге қалдырып, қазір ойындарға ден қойып отырмыз. Енді матчтан кейін көрейік. Мен ұтыла бастасам азаматтық былай тұрсын, елден қуады», - деді Магомед Адиев БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;