русский язык

Солтүстік Ирландияға қарсы матчта Қазақстан құрамасында өзгеріс болады

Солтүстік Ирландияға қарсы матчта Қазақстан құрамасында өзгеріс болады

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев матч алдындағы баспасөз мәслихатында Солтүстік Ирландияға қарсы ойынға дайындық туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

- Өзгерістер болады, біз мұны Финляндияға дейін түсіндік. Әр ойын белгілі бір түзетулер енгізуді қажет ететіні анық. Тиісінше соңғы ойын осыған итермеледі. Негізінде, бұл жоспарланған өзгерістер. Алғашқы минуттарда алаңға кім шығады, оларды кім алмастырады - олар бізде жоспарланған.Біз үшін қарқынымыздан айырылып қалмау маңызды. Қазір тіпті сырт алаңдардағы ойындардың алдында болған деңгейде емеспіз. Біз межелі жоспарларға сәл жетпей қалып жүрдік. Оны ескереміз, қарқынды бәсеңдетпей, ойынды қалыпты дәрежеде ұстауға тырысамыз, - деп мәлімдеді Магомед Адиев БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;