Азия ойындарында ел намысын қорғайтын каратешілер есімі анықталды
![Азия ойындарында ел намысын қорғайтын каратешілер есімі анықталды](https://prosports.kz/upload/news/content//202309/201131_127ee47df11c0086d548272816f0267e.png?v=28711451)
23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына баратын WKF каратэден Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ерлер:
60 келі – Қайсар Алпысбай
67 келі – Дидар Әмірәлі
75 келі – Нұрқанат Әжіқанов
84 келі – Данияр Юлдашев
Әйелдер:
50 келі – Мөлдір Жаңбырбай
61 келі – Әсел Қанай
68 келі – Лаура Әліқұл
+68 келі – Софья Берульцева
Бас бапкер – Тарек Абдесселем.
Айта кетейік, 2018 жылы Джакартада өткен жазғы Азия ойындарында біздің каратешілер 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен жалпы есепте 5-орын алған.