русский язык
Әлем футболы

Бразилия футбол конфедерациясы Неймардың рекордын мойындамайды

Бразилия футбол конфедерациясы Неймардың рекордын мойындамайды

9 қыркүйекте Бразилия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Боливияны 5:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы ойында шабуылшы Неймар дубль жасады.

Неймар Пеледен асып түсіп, Бразилияның барлық уақыттағы үздік сұрмергені атанды. Неймардың еншісінде 79 гол бар, Пеле 77 гол соққан.

Бір қызығы, Бразилия футбол конфедерациясы (CBF) Неймардың рекордын мойындамайды: олардың есебі бойынша ол Пеледен әлі 17 гол қалып тұр (95-ке қарсы 78).

Бразилия футбол конфедерациясы Пеленің Бразилия құрамасы сапындағы барлық матчы мен голын, соның ішінде ФИФА есепке алмайтын клубтарға қарсы ойындарын ескереді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;