Қазақстандық тәжірибелі файтер 19 жастағы қырғыз қарсыласынан жеңіліп қалды
![Қазақстандық тәжірибелі файтер 19 жастағы қырғыз қарсыласынан жеңіліп қалды](https://prosports.kz/upload/news/content//202309/472_258202db7e8956306daced7a90daccb8.jpg?v=28671955)
Бішкекте Еуразиялық жекпе-жек лигасының OCTAGON 49 турнирінде бастапқы кардтың екінші кездесуі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай жеңіл салмақта тәжірибелі қазақстандық файтер Самбет Найманбаев (4-6) пен 19 жастағы қырғыз спортшысы Кенжебек Абдраимов (5-4) кездесті.
Үш раунд бойы қырғызстандық файтер басым болып, жекпе-жекті өз жеңісімен аяқтады.
Турнирдің басты жекпе-жегінде қырғызстандық Мықтыбек Мамасалиев (12-4) пен мысырлық Махмуд Мохаммед Афиа (5-5) кездеседі.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі