Әлем футболы

«Арсенал» вингері карьерасын Түркияда жалғастырады

«Арсенал» вингері карьерасын Түркияда жалғастырады
news-banner7
mobile-news-top

«Арсеналдың» жартылай қорғаушысы Николя Пепе карьерасын Түркияда жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Инсайдер Фабрицио Романоның ақпараты бойынша, франциялық вингер «Трабзонспор» ойыншысы атанады.

Пепе «Арсенал» сапына 2019 жылы «Лилльден» 80 миллион еуроға ауысқан болатын. Николя АПЛ-да 80 матч өткізіп, 16 гол соқты. Ойыншы өткен маусымда «Ниццада» жалға ойнаған.

Transfermarkt порталы Пепені 18 миллион еуроға бағалап отыр. Ойыншының «Арсеналмен» келісімшарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер