русский язык

Финн футболшыларына жол бердік. Қазақстан өз тобында көш бастай алмады

Финн футболшыларына жол бердік. Қазақстан өз тобында көш бастай алмады

Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Финляндиядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл Н тобындағы көшбасшылардың матчы болды. Екі команданың да еншісінде 9 ұпайдан бар еді.

«Астана Аренадағы» кездесуде бір ғана гол соғылды. Өкінішке қарай, бұл голды қонақтар салды. 78-минутта Оливер Антман гол соғып кетті.

Ойынның соңына дейін қазақстандықтар қос қаптал арқылы шабуылдап, есепті теңестіруге тырысқанымен, Лукаш Градецки қақпасынан саңлау таба алмады.

Осы ойыннан кейін финн футболшылары 12 ұпай еншілеп, көш басындағы орнын нығайта түсті.

Ал Қазақстан құрамасы енді 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландиямен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;