Теннис

Қазақстан құрамасы шахматтан командалық әлем чемпионатында көш бастады

Қазақстан құрамасы шахматтан командалық әлем чемпионатында көш бастады
news-banner7
mobile-news-top

Польшаның Быдгощ қаласында әйелдер арасындағы ФИДЕ-нің тоғызыншы командалық әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бәсекенің алғашқы күні барлық команда 2 тур ойнады. А тобына түскен Қазақстан құрамасы Үндістан (2½-1½) мен Мысыр құрамасын жеңіп, 4 ұпаймен көш басына шықты.

Ұлттық құраманың жетекші ойыншысы Бибісара Асаубаева (ФИДЕ рейтингі 2439) мысырлық Шрук Вафаны, сосын Меруерт Камалиденова (ФИДЕ рейтингі 2162) Шахенда Вафаны ұтты. Ал Ксения Балабаева (ФИДЕ рейтингі 2111), Алуа Нұрманова (ФИДЕ рейтингі 2170) қарсыласпен тең түсті.

Екінші матчта Бибісара Асаубаева Харика Дронавалимен, Меруерт Камалиденова Вантика Агравалмен, Алуа Нұрманова Падмини Роутпен тең тарқасты. Жеңістің тағдырын Әмина Қайырбекова мен Савита Шри Би сарпқа салды. Мұнда жас қазақстандық шахматшы табандылық танытып, партияны өз пайдасына аяқтады.

Әлем чемпионатының 2-турынан кейінгі турнир кестесі:

А тобы

Қазақстан – 4,

Грузия – 2,

Украина – 2,

Үндістан – 2,

Франция – 2

Мысыр – 0

B тобы

АҚШ – 4,

Қытай – 4,

Польша – 2,

Солтүстік және Оңтүстік Америка – 1,

Болгария – 1

Германия – 0

Келесі, 3-раунд матчтары:

А тобы

Қазақстан – Франция,

Украина – Үндістан

Грузия – Мысыр

B тобы

АҚШ – ФИДЕ Америка

Қытай – Болгария

Польша – Германия

Чемпионат ережесі жайлы

Дүниежүзі додасы осыған дейінгі Испанияның Сиджес қаласындағы (2021 жылы) чемпионаттағыдай форматта өтеді. 12 құраманың әрқайсы 4 негізгі және 2 қосалқы шахматшыдан жасақталады. Олар рейтингі бойынша 2 топқа бөлінді. Ойында жеңіске жеткен команда 2, тең ойнаса 1 ұпайдан алады. Топта жақсы нәтиже көрсеткен төртеуі плей-офф сатысына жолдама алады. Топтық кезеңде тақатағы ұпайлар тай-брейкке дейін сарапқа салынса, нокаут кезеңіндеғ яғни плей-офта оның орнын блиц-матч басады. Әр ойынға 45 минут беріледі, ал әр жүріске 10 секунд.

Түпнұсқасы: kazsports.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0