Бактиер Зайнутдинов: Ертең жеңіске жетуіміз керек
– Жақсы көңіл-күйдеміз. Мен барлық жігіттерді сағындым, Қазақстанды сағындым, ертеңгі ойынға дайындалу үстіндеміз. Бізді ертең тамаша кеш күтіп тұр, біз оны асыға күтеміз.
- Түркияға үйреніп жатырмын. Бұл ауысу мен үшін жаңа сынақ сияқты. Жауапкершілікті сезінемін. Ыстамбұлда мені көптеген қазақтар қолдайды, маған қатты сенеді. Трансфер құны? Меніңше, олар аздап артық төлеген сияқты (күлді).
Финляндия үш күннен бері жасанды төсеніште жаттығып жатыр, сондықтан біз тең дәрежеде боламыз деп ойлаймын, өйткені олар алаңға үйреніп қалған.
Ең бастысы, біздің жеңіске жетуіміз, кім гол соғатыны еш маңызды емес.