русский язык
Ұлттық спорт

Ұлы дала жорығында Ақмола облысының намысын қыздар қорғайды

Бүгін елордада «Ұлы дала жорығы» ІІ марафон бәйгесі басталды. Жарысқа 19 команда қатысып жатыр, соның ішінде Ақмола облысы атынан қатысқан қыздар құрамасы көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Аттар бәйгесіне ел өңірлерінен 19 команда қатысып жатыр. Ерекшелігі сол - Ақмола облысының намысын қыздар қорғайды, қалған командалардың құрамында тек ер адамдар.

Ақмолалық нәзік жандардан «Ер адамдармен бірге ат жарыста бақ сынау қиынға соқпай ма?» деп сұраған едік.

photo

«Биылдыққа бірінші рет жарысқа шығып отырмыз. Жалпы 5-6 жылдан бері түрлі ат жарыстарына қатысып келеміз. Қыздарға арналмаған спорт түрі деген – стереотип. Ат спорты ерлер немесе қыздар деп бөлінбейді. Мүмкіндік тең. Оның үстіне, жеңіске жету тек шабандозға байланысты емес, аттың дайындығы өте маңызды. Біздің командада 5 адам, оның 4-еуі - қыз, 1 ер адам», - деді команда мүшесі Лаура Пухбабай.

Бұған дейін «Ұлы дала жорығы» басталып, шабандоздар Астанадан Түркістанға жол тартқанын хабарлаған едік.

photo

Ат жарысы елорда іргесіндегі Қаражар ауылынан басталды. Шабандоздар 1 300 шақырымды бағындырып, 19 қыркүйекте Түркістанда мәреге жетеді.

«Ұлы дала жорығы» марафонының жалпы жүлде қоры - 65 млн теңге. Жеңімпаз командаға 30 млн теңге, 2-орынға 20 млн теңге, ал 3-орынға 15 млн теңге табысталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;