русский язык
ММА

Ресейлік UFC файтері АҚШ-қа көшу шешімін түсіндірді

Ресейлік UFC файтері АҚШ-қа көшу шешімін түсіндірді
news-banner7
mobile-news-top

Аралас жекпе-жек (ММА) бойынша ресейлік Александр Волков АҚШ-қа көшу туралы шешімін түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен Мәскеуде тым ұзақ тұрдым. Сол жерде сегіз-тоғыз жыл жаттықтым. Өзгерістер қажет болды, жаңа спарринг серіктестермен жұмыс істеймін», - деді Волков.

29 шілдеде Ultimate Fighting Championship (UFC) Волковтың келесі жекпе-жегінің күнін жариялады. Ресейлік ауыр салмақта австралиялық Тай Туйвасаға қарсы жұдырықтасады. Жекпе-жек 10 қыркүйекте Сиднейдегі UFC 293 турнирінде өтеді.

Барлығы 34 жастағы Волковтың еншісінде 36 жеңіс (оның 24-інде нокаутпен), аралас жекпе-жектен он жеңіліс бар. Ресейлік спортшы UFC-де 2016 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;