Asia Championships 2023 турнирінің барлық қатысушылары белгілі болды
![Asia Championships 2023 турнирінің барлық қатысушылары белгілі болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202309/472_5361f0a6f46228de9139aa28d456afcf.png?t=1693889115?v=28674110)
Қытайлық Perfect World компаниясы CS:GO-дан Asia Championships 2023 турнирінің барлық қатысушыларын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ресми хабарландыру турнир операторының әлеуметтік желілерінде жарияланды.
Asia Championships 2023 қатысушылары:
— Astralis;
— MOUZ;
— ENCE;
— Team Liquid;
— FaZe Clan;
— Lynn Vision Gaming;
— G2 Esports;
— 5yclone.
Asia Championships 2023 турнирі 8-12 қараша аралығында Қытайда өтеді. Турнирдің жүлде қоры 500 мың доллар құрайды.