Әлем чемпиондары Геннадий Головкиннен қорқады
![Әлем чемпиондары Геннадий Головкиннен қорқады](https://prosports.kz/upload/news/content//202309/201736_d136587dbf0e7e2decc4d0ac8abaf81f.jpg?v=28662281)
Hardcore Boxing Fan Youtube арнасының авторы Макс Календрилло қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Прайм GGG 160-тан 168 фунтқа дейінгі кез келген боксшыны жеңеді», - деп жазды Календрилло Twitter-де.
Айта кетейік, Геннадий Головкин бүкіл кәсіби мансабында WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы болған.
Ол соңғы жекпе-жегін бір жыл бұрын өткізіп, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестен (59-2-2, 39 КО) бірауыздан ұтылған. 41 жастағы қазақстандықтың рингке оралуы немесе мансабын аяқтауы әзірге белгісіз