русский язык
Бокс

Беделді бапкер Усиктың жекпе-жегіндегі атышулы эпизодқа қатысты дауға нүкте қойды

Беделді бапкер Усиктың жекпе-жегіндегі атышулы эпизодқа қатысты дауға нүкте қойды
news-banner7
mobile-news-top

Америкалық танымал жаттықтырушы Абель Санчес ауыр салмақтағы абсолютты әлем чемпионы Александр Усикке қарсы жекпе-жекте Дэниел Дюбуаның даулы соққысы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тәлімгер британиялық боксшының әрекетінен заңсыз ешнәрсе көрмегенін айтып, сондай-ақ бұл хиттен кейін Усиктың қандай сезімде болғанын білмейтінін де атап өтті. «Усиктың Дюбуамен жекпе-жегі туралы оқыдым, бірақ көрмедім. Фотоны көрдім. Бұл төмен соққы болды деп ойламаймын», - деді Санчес YouTube-тегі K.O. Artist Sports арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 26 тамызда Усик Польшаның Вроцлав қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Дюбуаны тоғызыншы раундта мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;