русский язык
Теннис

US Open: Анна Данилина миксте ширек финалға шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатында аралас жұпта ширек финалға шықты.

Қазақстандық теннисші финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге екінші айналымда америкалықтар Алисия Паркс – Денис Кудламен күш сынасты.

Қазақстандық-финляндиялық жұп бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта 6:3, 6:3 есебімен басым түсті. Олар 2 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың төртеуінде мүлт кеткен жоқ. Қарсылас дуэт 1 эйс, 1 брейктен (3 брейк-пойнт) аса алмады.

А.Данилина – Х.Хелиоваара жартылай финалға шығу үшін қытайлық Сюй Ифань – бельгиялық Йоран Флигенмен таласады.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;